Астронавтар Халықаралық ғарыш стансасымен “Дискавери” шаттлының түйісуі кезінде ашық ғарышқа шықты

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Астронавтар Халықаралық ғарыш стансасымен "Дискавери" шаттлының түйісуі кезінде тұңғыш рет ашық ғарышқа шықты.

Элвин Дрю мен Стивен Боуэн ХҒС декомпрессиялық камерасына еніп, дүйсенбі күні АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақыты бойынша жоспарлағаннан жарты сағатқа ерте сағат 17:20-да (Мәскеу уақыты бойынша сейсенбі күнгі 21:20) ашық ғарышқа шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Алты сағат жарымға созылған ашық ғарыш алаңына шығу кезінде астронавтар Халықаралық ғарыш стансасының сыртқы жағында бірқатар жұмыстар жүргізді.