Астрономдар екі Күн көзі бар ғаламшарды анықтады
13:06, 16 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американдық астрономдар орбитасында екі күн көзі бар алғашқы ғаламшарды анықтағаны туралы мәлім етті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Әңгіме Жерден 200 жарықтық жыл қашықтықта орналасқан мөлшері Сатуриннің көлеміндей, Kepler-16b ғаламшары туралы болып отыр.
Жердегі күннен кішірек екі Күн көзі болғанмен, ғаламшар бетіндегі температура Цельсий бойынша минус 73 градус болып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай ғаламшарлардың болуы мүмкіндігі бұрыннан айтылып жүр, алайда бұлтартпайтын дәлелдер біздің күн жүйеміз Әлемдегі саналуан жүйелердің бірі екенін айғақтайды.
Ғаламшар НАСА-ның Kepler телескопы арқылы анықталды және ғаламшардың атауы оның құрметіне аталып отыр.
Ендігі міндет Жерге ұқсас ғаламшардың Құс жолын іздеу болмақ.