Бұл нысан орбитада миллисекундтық пульсарды (айналу кезеңі 1-ден 10 миллисекундқа дейінгі диапазондағы пульсар) айналып, бізден 40 мың жарық жыл қашықтықта орналасқан.
Нысанды ашқан Манчестер университетінің және Мюнхендегі Макс Планк институты зерттеушілерінің шамалауынша, бұл Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын тағы бір тексеріп, қара құрдымға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін пульсар мен қара құрдымның алғашқы танымал қосарланған жүйесі.
«Пульсар-қара құрдым жүйесі гравитация теориясын тексерудің маңызды мүмкіндігі, ал ауыр нейтрондық жұлдыз ядролық физикаға өте жоғары тығыздықтағы процестер туралы жаңа түсініктер береді», - деп болжады Манчестер университетінің астрофизигі, профессор Бен Стапперс.