Астрономдар секундына екі шақырым жылдамдықпен жел соғып тұратын экзоғаламшарды тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астрономдар секундына екі шақырым жылдамдықпен жел соғып тұратын HD 189733b экзоғаламшарын тапқанын хабарлады.

Бұл Жердегі ауа ағынынан 20 есе жылдам. Авторлар зерттеу қорытындыларын Astrophysical Journal Letters-те жариялады. Ал Уорикск университетінің сайтында ол туралы қысқаша ақпар берілген. Ғалымдар Чилидегі Ла-Сиоья обсерваториясында HARPS (High Accuracy Radial velocity Planet Searcher) спектрограф көмегімен HD 189733b қарама-қарсы жақтарындағы (күндізгі және түнгі) желдің жылдамдығын өлшей алды. Осылайша, экзоғаламшардың алғашқы жел жолы картасын жасады.