Астрономдар жаңа күн жүйесін тапты
11:00, 27 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Еуропалық астрономдар жаңа күн жүйесін тауып отыр. Олардың айтуынша, біздің Күнімізге ұқсайтын әлгі жұздызды ең жоқ дегенде бес ғаламшар айналады екен, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Жұлдыз бізден 127 жарық-жыл қашықтықта, Гидра шоқжұлдызында орналасқан.
Ғалымдардың айтуынша, бұл біздің Күн жүйемізден тыс орналасқан экзопланеталардың «ең бай» жүйесі болып табылады.