Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл ретте астықты тасымалдау шығынын арзандату Ресей Федерациясының территориясы арқылы транзит бойынша жүргізілетіні қарастырылуда. Бұл мақсаттарға Үкіметтік резервтен ағымдағы жылы 5 млрд. теңге бөлініп отыр. Ал келесі жылы бюджеттен тағы да 10 млрд. теңге жұмсалатын болады. Ал ондай тарифтерді арзандатудың тиісті тетіктерімен қазіргі таңда Көлік және коммуникациялар министрлігі айналысуда», деді А. Күрішбаев.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Көлік және коммуникация министрлігіне экспорттаушыларды уақтылы астық тасымалдау көліктерімен қамтамасыз ету міндеті тапсырылған. Бұдан өзге, Ақтау портында Ауғанстан мен Иран бағытына астық терминалының өткізу мүмкіндіктерін кеңейту, Украина, Өзбекстан, Түрікменстан аумағына қарай ресейлік темір жолдар бойынша тарифтерді төмендету шаралары жүргізіліп отыр.