Астық кооперативтерінің жаңа бағдарламаға қатысы жоқ - «ҚазАгро» xолдингі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылда ауылшаруашылық кооперативтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасы жалғасады. Мәселен, биыл егін шаруашылығы саласында 12 кооператив қаржыландыруға өтініш жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - тек астықпен айналысатын кооперативтер ғана. Басқа салалар бойынша олардың саны әлдеқайда көп. Сүт, ет саласында кооперативтер баршылық. Біз ол кооперативтерге қатысты нақты статистиканы әлі де жариялайтын боламыз», - деді «ҚазАгро» xолдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұxамадиева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, астық кооперативтері бөлек бағдарлама бойынша қаржыландырылып отыр. Ондай кооперативтердің ішінде 3 млрд. теңгеге дейін займ алып жатқан шаруашылық бірлестіктері де бар. Себебі ол кооперативтің ішінде 100-ге жуық тауар өндіруші бар.

«Ал сүт пен ет кооперативтері агроөнеркісіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы аясында қаржы алатын болады. Онда инвестициялық субсидиялар бар, яғни құрал-жабдықтарға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекеттің тарапынан өтеледі. Астық кооперативтері тек көктемгі егістік жұмыстарына ғана несие алады», - деп атап көрсетті Мұxамадиева.