«Бүгінде астық сапасы әртүрлі сұрыпты болады деп күтеміз. Бұл нені білдіреді? Яғни, соңғы 3 жыл бойы біз әдетте жоғары сапалы өнім алып кесек, биыл мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмаймыз. Демек, егер төртінші, бесінші және үшінші сұрыпты астық бастырсақ, онда Ресеймен белсенді түрде бәсекелесеміз», - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.
Дегемен, Астық одағының өкілі Ресеймен астық нарығында бәсекелесу өте қиын екендігін де жасырмады.
«Бүгінде Ресеймен бәсекелесу өте қиын. Оларды біршама тиімді өндіріс бар. Соған орай бізге қарағанда бағасы да біршама төмен. Біздің міндетіміз – орталықазиялық нарықты ұстап тұру. Мұнан бөлек, биыл наурыз-сәуір айларында Қытайға барып қайттық. Бірақ, Қытай тек сапалы астықты ғана сатып алады. Бұл ішкі нарықтағы жоғары сапалы бидай бағасына әсер етеді», - деді Александр Малов.
Осыған дейін Қазақстан астық экспорттап отырған Иран нарығынан да айырылып қалуы мүмкін екенін жаздық.