«Ең дұрысы - астық өсіруді, бидай өсіретін алқаптарды қысқартуымыз қажет. Бірақ, өнімділікті арттыру, яғни түсімді молайту, өніміміздің өзіндік құнын төмендету бағытында жұмыс істеуіміз керек», - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.
Осы орайда одақ төрағасы егістік алқаптарын әртараптандыру үшін Үкімет тарапынан да көмектің қажет екендігін баса айтты.
«Босаған алқаптарда ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие басқа дақылдар үшін әртараптандырымыз қажет. Дегенмен, астық өсірушілер әртараптануы үшін белгілі бір кезеңде Үкімет тарапынан жүйелі қолдау керек болады. Өйткені, әртараптандыру кезінде бастапқыда белгілі бір техникаларға инвестиция керек. Бұл шығыстарды бастапқы кезеңде Үкіметпен бірге субсидия, инвестициялық субсидия түрінде өтеген жөн. Бидайға қатысты оны қандай басқа дақылдармен алмастыратындығымызға қатысты дұрыстап ойлануға тиіспіз», - деді Нұрлан Оспанов.