«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, ағымдағы айдың үшінші онкүндігінде негізгі астық себетін облыстарда (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) түндегі ауа температурасы 0-ден 5 градусқа дейін, 7-ден 12 градус аралығында болады, ал күндіз ауа температурасы 14-тен 19-ға дейін, 21-ден 26 градусқа жетеді»,-деді Қ. Айтуғанов.
Оның сөзіне қарағанда, осы айдағы жауын-шашын мөлшері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында қалыптан жоғары, ал басқа аймақтарда (11-ден 33 мм) шамамен қалыпты деңгейде болады деп күтілуде.
«Ағымдағы мерзімнің қалыптан тыс ауа райы жағдайларынан (жауын-шашынның мол болуы) күтіліп отырған жоғары өнімділікті және болжанатын ылғалды астық көлемінің көп болуын ескере отырып, астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар жүргізу қажеттігі туындауы ықтимал. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, үстіміздегі жылғы жиналған ылғал астықты тазалау мен кептіру үшін қазан-қараша айларында 74 мың тонна дизель отынын жеткізу жөніндегі кестені бекітті. Оның ішінде облыс әкімдіктерімен анықталған операторлар арқылы қазан айында 52 мың тонна және қараша айында 22 мың тонна дизель отынын босату жоспарланған»,-деді бірінші вице-министр.