«Астықжан» сауда үйі өртеніп, 50 адам көшірілді

АСТАНА. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат – Кеше елордадағы «Астықжан» сауда үйінің (Угольная көшесі) жиһаз салынонда сөрелер мен өнеркәсіптік тауарлар өртенді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, 50 адам көшірілді. Өрт 14 сағат 28 минөтте өрт сөндірушілер келгенше ,автоматты өртсөндіру құрылғыларымен ауыздықталды.Сондай-ақ Алматының Түркісіб ауданындағы №32 орта мектептің оқу шеберханасының төбесі (шифер, ағаш жабындар) отқа оранды. Өрт көлемі 80 текше метр аймақты шарпыды. Өрт ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді, оған жеке құрамның 20 қызметкері және 7 бірлік техника қатыстырылды.