«2020 жылдың тамыз айында қаламыздың тұрғыны үш ойын автоматын сатып алған және қаланың бір дүкенінде көкөніс сатқан болып тиісті лицензиясы жоқ болса да ойын бизнесін ұйымдастырған. Құмар ойыншылар дүкенге жиі келіп уақыттарын автоматтарда өткізіп жүрген. Астыртын бизнестің иесі терминалда ақша болмай қалған жағдайда ұтысқа ие болғандармен телефон арқылы байланысып, оларға ұтыстарын төлеп отырған» делінген хабарламада.
Екі айдай қызмет еткен бұл ойынхана енді жабылады, ал осындай «іскерлік көрсеткен» Қарағандылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Октябрь аудандық пробация қызметінің есебінде ойын бизнесін ұйымдастырған сотталушы тұр. Бір жыл ішінде қала тұрғыны 100 сағат мәжбүрлі еңбек етуі тиіс, бұдан жалтарған жағдайда оның бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.
Ойын автоматтары сот шешімімен жойылуы тиіс.