Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
18:17, 06 Тамыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшысы Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде А. Алмабаев қарсыласы американдық тәжірибелі файтер Оди Осборнмен жұдырықтасты. Жекпе-жек кезінде отандасымыздың айқын басымдығы байқалды.
Екінші раундта Асу қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтып кетті. Бұл Алмабаевтың ММА-дағы 18-ші, ал UFC-дегі алғашқы жеңісі.
Фото: sports.kz