Отандасымыз аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы darteam.kazakhstan командасы хабарлады.
- Біздің @darteam.Kazakhstan командамыздың жауынгері Асу Алмабаева наурыз айында UFC турнирінде Аустралиядан шыққан бұрынғы UFC титулына үміткер Стив Эрцегке қарсы жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлады.
Стив Эрцег жеңілірек салмақта чемпиондық атақ үшін шайқасқан. Басты жекпе-жекте бразилиялық Алешандре Пантожаға есе жіберген. UFC рейтингінде қазір 9-орында тұр. Асу болса 7-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі өтетінін жазған едік.