Асу Алмабаевтың UFC рейтингіндегі орны белгілі болды
17:27, 03 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың Мехико қаласында өткен UFC Fight Night 269 турнирінен кейін жеңіл салмақтағы UFC рейтингі жаңартылды.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев рейтингіде 9-орынға төмендеді.
Айта кету керек, оның аталмыш турнирде Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жегі отандасымыздың жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты өткен жоқ.
Өкінішке қарай, бұл жағдай оның рейтингідегі позициясына кері әсер етті.
Бұған дейін Асу Алмабаевтың экс-чемпион Мореномен Мексикада күш сынасатынын хабарлағанбыз.
Айта кету керек, 2025 жылдың қарашасында Алмабаев Қатарда өткен кейінгі жекпе-жегінде, яғни UFC Fight Night турнирінде америкалық Алекс Пересті мерзімінен бұрын жеңген болатын.