Билет басқа тағы бірнеше билетпен бірге жатқан және оны асүйді жинастырған кезде Рикардо Сересоның жұбайы лақтырып тастамақ болған екен. Ол жолдасынан билеттерді апарып тексеріп келуді өтініпті.
Сересо билеттерді тексеруге барғанда, олардың көпшілігінен түк шықпаған. Бірақ, біреуі сәтті болып шықты. Билеттердің нөмірлерін салыстырып тексерген компьютер билет иесінің сыйлық алуға құқығын мәлімдеуі қажет екені туралы хабар берген. Ұтыс сомасы бұл кезде көрсетілмепті.
Жергілікті басылымдар жазғандай, Сересо бастапқыда шамамен 600 доллар ұттым деп ойлаған екен, бірақ, лотерея компаниясынан ұтыстың 4,5 миллион доллардан асқаны туралы жауап алған. Сересо отбасының қарыздары, соның ішінде үйге кепілдік бойынша да қарыздары көп болғандықтан, ұтыс өте орынды келгендігін айтады. Рикардо Сересо ұтысқа өте қуанышты екенін және оған таң қалғаны туралы мәлімдеді, алайда, оған жинақ сандықшаны сыйлаған қызы Саваннаның бұл қуанышты бөлісе алмайтындығын уайымдауда. Қызы 2012 жылы жазда ауырып қайтыс болған.
Ұтыстың бір бөлігін Сересо отбасы шіркеуге және қайырымдылық ұйымдарына беруге ниетті.
Иллинойс тұрғынына 4,85 миллион доллар әкелген ұтыс ойыны ақпанның басында өткен болатын.