Асыққан дәрігерлер мәйітті қоқыс жәшігіне тастай салған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс ауысымын тез аяқтамақ болып, асыққандарынан ер адамның мәйітін қоқыс жәшігіне тастай салған. Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында белгілі болғандай, жедел жәрдем қызметкерлері көлікте көз жұмған 32 жастағы пациенттің денесін Кембридждегі мәйітханаға апармай, қоқыс жәшігіне тастай салған. Алайда олардың бұл қылмысын полиция әшкереледі. Енді оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады The Daily Mail. Дәрігерлер бұндай іске үйлеріне тезірек жету үшін барғанын айтуда.