«Асыл-Эксперт» интервалды жарна қоры жарна төлеміне енгізілетін ақша сомасының төменгі мөлшерін 10 есе төмендетті
Бұл туралы «Асыл-Инвест» АҚ-ның басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Халықтың басым бөлігі қор нарығында қалай ақша табуға болатынын онша түсінбейді және басқарушыларға сеніммен қарамайды. Инвесторлар қомақты ақшамен тікелей биржа нарығына шығып, өздігінен сауда-саттық жасауға тырысады. Халық үлестік жарна қорларына барып, оның жұмыс тетіктерін түсінуі үшін оған кіру шегін барынша төмендеткен жөн», - дейді «Асыл-Инвест» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Сәлімов.
Қазір нарықта 38 пайлық инвестициялық қорлар бар. Оның 12-сі ашық, 23-интервалды. Сәуір айында бөлшек қорлар саны 38 болатын. Олар «РЕСМИ» инвестициялық қаржы үйінің интервалды жарна қорларының жабылуынан қысқарды. Дегенмен бөлшек қорлар тұрақтанды деуге болады. Енді жаңа қорлардың ашылуы қор нарығы күрт өскенде және оған инвесторлардың жаппай қызығушылығы артқан жағдайда ғана мүмкін болмақ.