Асыл тас шекарадан аспады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қытай мемлекеттік шекарасында асыл тас саналатын 40-тан астам нефритті шекарадан заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары Қытай Халық Республикасына сапарлап бара жатқан 30 жастағы ҚР азаматшасын ұстады», делінген хабарламада.

Оның жеке заттарын қарау кезінде нефрит болуы мүмкін деген болжаммен жалпы салмағы 11 келі болатын 41 дана қызыл түсті тастар табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.