Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 140, серпе көтеруде 166 келіні көтеріп, қоссайыста 306 келіні бағындырды.
Асылжан 2000 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 сыныптан бастап ауыр атлетика секциясына қатысты. Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан Республикасы чемпионатының (2015, 2017 жж.) және кубогының (2016 ж.) күміс жүлдесін иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері - Қалдыбай Тоқбаев.
Жас спортшының алдағы жоспары - мамыр айында Шымкентте өтетін ҚР Жастар спорт ойындарына қатысу, содан кейін шілде айында Катмандуда (Непал) болатын Азия чемпионатына дайындалады.