АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы астық шығымдылығына оңтайлы болжам жасап отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ведомство басшысы осылай айтты.
Биылғы қардың деңгейі жақсы түскеніне тоқталған ол, сонымен қатар 2012 жылдың күзінде де жауын-шашын айтарлықтай болғанын сөз етті.
«Бұл өз кезегінде болашақ астық шығымдылығына өте жақсы болжам жасауға мүмкіндік береді»,-дейді А. Мамытбеков. Алайда, ол биылғы болатын көрсеткішті алдын ала айта алмады.
Оның мәліметтеріне қарағанда, 2008-2012 жылдары орташа астық шығымдылығы 17,7 млн. тоннаны құрап отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.