АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық спорт күніне орай Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде «Наурызнама: Ұлттық спорт күні» атты кеш өтті. Іс-шара барысында Қазақстан және АҚШ көкпаршылары сайысқа түсіп, жиналғандардың делебесін қоздырды.
Сондай-ақ аударыспақ, садақ ату сияқты ұлттық спорт түрлерінің үздіктері де көрермендерге шеберлігін көрсетті.
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
Іс-шарада сөз сөйлеген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
– Еліміздің брендіне айналған ұлттық спорт даламыздың көне тарихымен егемен еліміздің түп бастауы деуге болады. Ат баптау қанымызда бар қасиет. Бұған бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сияқты спорт түрлерінің кеңінен дамуы дәлел бола алады. Қазақтың ұлттық ойындары патриоттық тәрбие беруде ұтымды құрал. Саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі септігін тигізеді, - деді министр.
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.