Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, осыған дейін білім беру мекемелеріндегі мәжіліс залдарында өткізіліп келген, дәстүрлі жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат берілмейді. Енді олар бөлек топтарда өткізіледі. Ал ата-аналар шараны ZOOM платформасы арқылы тамашалай алады.
«Мұндай шешім өңірде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуынан қабылданып отыр. Короновирус инфекциясын жұқтыру оқушылардың арасында да кездесуде. 1 қазаннан бастап өңірде оқушылардың аталмыш дертті жұқтыруына қатысты 52 жағдай тіркелді», - деп атап өтті Айнагүл Мусина
Айта кетейік, «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осыған байланысты Көкшетау және Степногор қалаларына кіреберіс жолдардағы блокпостар алынады.