Сауалнамаға қатысқандардың 82,0 пайызы бұл құндылықтарды мектепте үйрету керектігіне сенімді. Бұл ретте, сұралғандардың 95 пайызы осының барлығы үшін оқу мекемелерінде арнайы пәндерді немесе факультативтік сабақтар енгізу қажет деп санайды.
Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты сауалнаманы 18 және одан жоғары жастағы адамдар арасында жүргізді. Телефон арқылы сұрақтар барлық облыстар, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 1 000 адамға қойылды. Сауалнама өткізілген мерзім - 2012 жылдың 30 сәуірі - 10 мамыры.