Ата-аналар назарына: интернет балалар үшін неге қауіпті

АСТАНА. KAZINFORM – Жазғы демалыс алдында интернеттің балалар үшін несімен қауіпті екенін талдап көрейік. Полиция ата-аналарға қандай кеңес береді?

Фото: Kazinform

«Оң-солын» дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырайды. 

«Әртүрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің „жаңа досына“ банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін», деп жазды полиция қызметкерлері. 

Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар.

Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.