Ұлыбритания мамандарының сауалнамаларына 1002 адам қатысқан. Олардың бәрі де - ата-аналар. Олар негізінен өздерінің төрт жастан 12 жасқа дейінгі балаларын тәрбиелеуге қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның нәтижесінде сұралғандардың үштен екісін балалар математика, заманауи технологиялар немесе инженерия салаларындағы сұрақтарымен ыңғайсыз жағдайға қалдырған. 61 пайыз ата-ана балалардың сұрақтарына жауапсыз қарайды. Олар қиын сұрақтардан қашқалақтайды немесе, отбасының басқа мүшесінен білуге жібереді. Олар да ойларына не келсе, соны айта салады.
Ересектердің 59 пайызы балалар заманауи технологиялар жөнінен көбірек білетінін мәлімдеген.
Инженерлік технологиялар институтының басшысы Наоми Климердің айтуынша, зерттеу ата-аналардың өз балаларының сұрақтарына нашар даярланғанын атап көрсетті. Сондықтан да Твиттердің микроблогында #AskTheEngineers, тэгінде ата-аналар үшін қажетті жауаптарды алуға болатын сервис құру туралы шешім қабылданды.
Психологтардың айтуынша, балалармен түсінікті тілде сөйлесу қажет. Балалар үшін арнайы шығарылған энциклопедияларды үйде ұстау да біраз мәселелерді шешеді.