Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймақтарынан (14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) 1 200 респондент қатысты.
Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 81,4% жаңа 2021-2022 оқу жылында балаларының дəстүрлі форматта (офлайн) оқығанын қалайды. Бұл балаларының онлайн форматта толығымен оқығанын таңдайтындардан 10 есе көп. Сұралғандардың тек 7,6% ғана онлайн
оқытуды таңдайды. Сауалнамаға қатысқан ата – аналардың 10,3% оқытудың аралас
форматының бір нұсқасын таңдаушы еді (сабақтың бір бөлігі офлайн, қалғаны онлайн немесе кейбір балалар дəстүрлі форматта, ал қалғаны - үйде). Шағын жинақталған мектептерде білім алушылардың ата-аналары дəстүрлі оқыту нысанына көшуді барынша аз дəрежеде қалайды (орташа көрсеткіштен 12,5% төмен)
Ø Дезинфекциялау құралдарын қолдану - 94,8 %
Ø Өзін нашар сезінгенде, суық тию белгілері пайда болғанда мектепке
кіргізбеу - 93,4 %
Ø Ата-аналардың мектепке «Ашық» қосымшасы арқылы кіруі - 78,2 %
Ø Ғимарат ішінде үнемі қорғаныс маскасын кию - 76,3 %
Ø Айналадағы адамдардан қашықтықты сақтау - 75,5 %
*Оқушылардың дəстүрлі оқыту форматына оралуы туралы шешіммен келіспейтіндердің (8,9%) басым бөлігі санитарлық нормалар сақталмауы мүмкін деп қауіптенеді.
*Ата-аналар мектеп оқушыларын оқытудың дəстүрлі форматына қатысты тəуекелдердің негізі ретінде ауа-райына байланысты (мысалы, аяз салдарынан) сабақтарды жиі тоқтату фактісін (62,2%), сондай-ақ педагогтардың/мектеп қызметкерлерінің жəне басқа оқушылар ата-аналарының екпе алуының толық қамтылмауы қаупін (60,8% - дан) қарастырады.
Балаларды вакцинациялау мəселесі қоғамда талқылануда - көпшілігі (77,8%) балаларын коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайын емес. Оның 27,9% - балалар мен ересектерді вакцинациялауға үзілді-кесілді қарсы. Сонымен бірге, респонденттердің 49,9% дəл осы балалар вакцинациялауға қарсы болса, ересектерді вакцинациялауды міндетті деп санайды.
Ата-аналардың балаларын вакцинациялаудан бас тартуының негізгі себептері - елдегі вакциналарға деген сенімнің болмауы (42,9%) жəне балаларға сəтті сынақтан өткен вакцинаның болмауы (38,2%).
Дегенмен, респонденттердің 19,6% өз баласын вакцинациялауға келіседі , олардың бір бөлігі вакцинаның түрін таңдауды ұсынған жағдайда осы шешімді қабылдауға дайын. Бұл ата-аналар вакцинацияны Covid-19 баланың
денсаулығына тигізетін əсерінен балалардың денсаулығын сақтаудың сөзсіз шарасы деп санайды.
Балаларын вакцинациялауға дайын адамдардың ішінде ең үлкен сенімге ие вакцина Спутник V (Ресей) – 57,6%, 28% QazVac (Қазақстан) вакциналарын таңдаушы еді.
Респонденттердің 16,1% балаларын Pfizer/BioNTech (Германия, Қытай, АҚШ) екпесімен вакцинациялауға дайын , қалаларда бұл көрсеткіш 23%-ға жетеді.