Ата-аналарға әскердегі балалары туралы мәлімет таратуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің ата-аналарына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend.az сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның дүйсенбі күні таратқан үндеуінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мақсатында олардың ата-аналарына телефон бойынша және әлеуметтік желілерде әскери қызмет жайлы талқыламау, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олар қызмет ететін әскери бөлімдердің, орналасқан жерлерінің, қарулануы мен әскери техникаларға қатысты суреттермен бөліспеу ұсынылған.