«Жеке деректерді жинау балаларға қатысты болса, ата-ананың рұқсаты керек, рұқсатсыз жиналатын биометриялық дерек – заңды бұзу», - деп қысқа қайырды Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Жаслан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, баланың ата-анасы жоқ болған жағдайда асырап алушы немесе қамқорлығына алған азаматтың рұқсаты болуы тиіс.
Айта кетсек, Үкімет отырысында отандық IT саласының дамуы сөз болды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов IT хабтар мен венчурлік қорлар экономиканың басты драйверіне айналуы керектігін айтты.
Сонымен қатар Премьер-министр өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмегенін айтып сынға алды. Оның айтуынша әкімдіктер бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейді.
Одан бөлек, Үкімет отырысында қазақстандық IT мамандардың жалақысы 54%-ға өскені айтылды.