Ата-бабамыздан қалған жерді қорғайтын боламыз- ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшысы Тұрғанбек Стамбеков

Фото: None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Ата-бабамыздан қалған жерді біз қорғайтын боламыз», - деп мәлім етті Таразда өткен баспасөз мәслихатында ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшысы Тұрғанбек Стамбеков.

Осыдан бір жыл бұрын Жамбыл облысының әкімдігіне Қанат Бозымбаев мырза келгеннен кейін Жамбыл облысының аумағы арқылы өтетін мемлекеттік шекараны нығайту мәселесі көтерілгенін айтып өткен Т.Стамбековтың айтуынша, шекарашылардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін бүгінде қырғыз тарабымен, 2001 жылғы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы шекараны межелеу туралы келісімшартқа сәйкес, бірқатар демаркациялық және басқа да мәселелер шешілуде.

Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы мемлекеттік шекараның ауқымды бөлімі анықталған Шу трансшекаралық өзені арнасының жыл сайын өзгеруі шекараны бақылауда біраз қиыншылықтарға әкелуде, дейді Т.Стамбеков. «Жағалаулар мен демаркациялық сызықтардың өзгеруіне жол бермес үшін, осыған байланысты келесі жылы өзен жағалауларын бекіту жұмыстарына 100 миллиондай теңге бөлініп отыр», деп мәлім етті ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшысы.

Бүгінгі күннің негізгі проблемасы сол, жергілікті тұрғындар Мемлекеттік шекараның маңызын және оны сақтау қажеттілігін жете түсінбей отыр. «Бұл мемлекеттік шекара екендігіне және оны бұзуға болмайтындығына адамдардың санасы жетпей отыр», - дейді бас шекарашы.