Ата Заң мемле­кет пен қоғам­дағы дамудың қайнар бастауы - депутат Е.Сағындықов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзіндегі кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі, дейді ҚР Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов.

Қазақстан азаматтары осыдан тура жиырма жыл бұрын дәл осындай Конституцияны референдумда қабылдады, деп келтіреді депутаттың сөзін «Егемен Қазақстан».

Е.Сағындықовтың айтуынша, жиырма жыл­дан бері тәуелсіздігіміздің тіре­гіне айнал­ған Ата Заң мемле­кет пен қоғам­дағы барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік рефор­малардың, алға қойған мақсаттардың іске асы­рылуының, дамудың қайнар бастауы болып келеді. Осы жыл­дар ішінде мемлекет пен қоғам­ның дамуындағы өзгерістер - демок­ра­тия­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу жолдары Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылуда.

«Халық аманатын арқалаған Пар­ламент депутаттары өзде­рінің қыз­метін жүзеге асыруда Конс­титуцияға сүйенеді. Заң шығару қызметінің жемісті іске асырылуы Ата Заңымыздың іс жүзінде қаншалықты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Еліміздің заң сапасын арттырудың, құқықтық жүйесін дамытудың кепілі де - Конституция. Конституцияда бекітілген құқық­тық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүм­кіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті палата­ларының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Бұл түзе­тулерге сәйкес елдің саяси өмі­рінде Парламенттің рөлі айтар­лықтай күшейтілді.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламентінің алдында тұрған мақсат - заң шығару қызметінің сапасын бұрынғыдан да арттыра түсу. Парламенттің жоғарғы палатасында осы орайда келелі мәселелер алға қойылып отыр. Парламенттік тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер өткізуді жетілдіру, депутаттардың заң жобаларын әзірлеу және заңнамалық бастамаларын жандандыру, сарапшылар қызметінің тиімділігін арттыру - және басқа да осындай мәселелер кезек күттірмей шешуді қажет етеді», - дейді депутат.