Ата Заңды ардақтаған кеш өтті
Бүгінгі күндері Ата Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Осы 15 жыл ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді. Бұл күнді Елбасымыз бастап бүкіл Қазақстан болып атап өтті. Бұл үрдістен Абай ауданының ІІБ да қалыс қалған жоқ.
Абай ауданының ІІБ-да Кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Абай ауданының ІІБ бастығы полиция полковнигі С.Айдаровтың: «Абай ауданының ІІБ басшы және жеке құрамын, шақырылып отырған қонақтарымызды Ата Заңымыздың 15 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Баршаларыңызға бейбіт өмір, егемен елімізге тұрақтылық тілеймін...» деген ашылу әрі құттықтау сөзінен кейін Қ.Байжанов атындағы «Арқа Сазы» фольклорлық ансамблі концерттік бірлестігіннің өкілдері мерекелік кештің шырайын ашты.
Мерекелік кешке Абай ауданының ІІБ басшы құрамы мен жеке құрамы, ІІО ардагерлері және Абай ауданының ІІБ бастығының жанындағы полиция қызметін бақылау жөніндегі комиссия өкілі Н.М.Дуткин шақырылды. ІІБ басшылығының ұйымдастыруымен ардагерлерге сыйлық үлестірілді.