Ата заңның 15 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

ЛМАТЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Қазақстан жазушыларының кітапханасында ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған «Ата заң - халық тұрақтылығының кепілі» атты «дөңгелек үстел» өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуезов ауданы әкімшілігі ұйымдастырған отырысқа аудан әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов, қалалық Жастар саясатын дамыту қорының директоры Дәурен Мұхамеджанов, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инстиутының курсанттары қатысты. Олар отырыста Конституция туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса Ата заңға арналған кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде ҚР Конституциясының алғашқы жобасы мен бүкілхалықтық талқылаулар жазылған газет тігінділері, кітаптар, қоғам және мемлекет қайраткерлері мен ғалымдардың пікірілері жазылған материалдар қойылған.