Ата заңымыз - мемлекеттілігіміздің іргетасы - Дәурен Абаев
10:37, 30 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың Ата заң мерекесімен Фейсбуктегі парақшасында құттықтады.
«Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінгі ұлық мерекеміз - Конституция күні құтты болсын! Ата заңымыз - еңселі егемендігіміздің тірегі, мемлекеттілігіміздің іргетасы. Баршаңызды осынау айтулы мейраммен құтықтаймын! Мемлекеттігіміздің іргесі берік, Мәңгілік елдің болашағы зор болсын!», - деЛІНГЕН министрдің құттықтауында.