Атакентті жаңғырту жобасының видеосы жарияланды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Атакент» іскерлік орталығын қайта жаңғырту жобасының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұлролик Атакенттің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Жобаны жасау2018 жылы басталған. Көрме павильондарына келушілерге ыңғайлы ортақалыптастырылады.

«Жобабойынша көрменің айналасы абаттандырылады. Батыс жақ тұрақтан орталық аллеяғакесіп өтетін жол салынады. Павильондардың қасбеттері заманауи келбет алады. Алішкі инженерлік инфрақұрылым қайта жаңғыртудан соң әлемдік стандарттарға сайболмақ», - делінген жазбада.

Атакентаймағында туристік маршрут жасау жоспарда бар. Бұл бағдарға екі эко электробус қызмет ететін болады. Ыңғайлы аялдамаларсалынады.

Ол жерлердеАлматының картасы орналаспақ.

Айта кетер жайт, Алматы әкімдігі Атакент аумағындағы ағаштарды кеспейтін болды.

«Атакент –Алматының экологияныңтазалығына әсер ететін болады. Жыл сайын саябақ, ағаш, гүлдер отырғызылады. Мұнда саябақ аймағы 30 гектарды алып жатыр. 59түрлі 9 130 ағаш жайқалып тұр. Мұнда құстар ұя салады. Құрқылтай, суырлар, тиіндер, кесірткелер басқа дажануарлар баршылық», - дейдіорталық өкілдері.

Соңғы жаңалықтар