АСТАНА. KAZINFORM - Атақты бразилиялық футболшы Роналдиньо Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Доха (Қатар) WTA турниріндегі ширек финалдық матчын тамашалады.
Франциялық теннис шолушысы Бастьен Фашан бұл туралы Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.
Кеше «Барселона», «Милан» клубы және Бразилия құрамасының экс-жұлдызы Елена Рыбакина мен канадалық Лейла Фернандестің кездесуінде болған кезінде камераларға түсіп қалған.
«Роналдиньо — Рыбакинаның фанаты болуы керек. Олардың екеуі де Лондон көгалдарында ғажап ойын көрсетуге қабілетті», деп жазған Фашан бразилиялық футболшының «Челсимен» матчындағы және Еленаның Уимблдонда чемпион атанған суретін қатар қойған.
Бүгін Елена Рыбакина Доха додасының жартылай финалында ресейлік Анастасия Павлюченковамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дохада АҚШ чемпионатының финалисін жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).