АСТАНА. KAZINFORM – «Лос-Анджелес Лейкерс» баскетбол клубының ойыншысы Леброн Джеймс «30+» ұпаймен NBA рекордын жаңартты.
Оның 30 немесе одан да көп ұпай жинаған ойындар саны 672-ге жетті. Бұған дейін бұл рекордқа ұзақ бойы «Чикаго Буллз» командасының аты аңызға айналған бұрынғы қорғаушысы Майкл Джордан «иелік» еткен еді.
Леброн Джеймс «Бруклин Нетс» командасымен болған кездесуде 40 ұпай жинап, рекордқа өзгеріс енгізді.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.