Атақты актер Джеки Чан киноға түсуін тоқтатпақ

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Миллиондаған көрермендердің, әсіресе әйелдердің сүйіспеншілігіне бөленген актер Джеки Чан киноны тастауға шешім қабылдады,

деп хабарлайды Корреспондент.net.

Басылымның жазуынша, енді ол қайырымдылық шарасын қолға алмақ. Алдымен Bentley  бәссаудасына қатысып, одан түскен қаржыны кедей-кепшікке үлестірмекке ниеттеніп отыр.

Чан киноға 12 жасынан түсе бастаған. Бәрінде де тек жағымды кейіпкерлерді сомдаған. Әлемдегі ең танымал актердің өзінің айтуынша, қаншама гонорар ұсынғанымен  экранда оны қылмыскер болуға ешкім үгіттей алмас еді.