деп хабарлайды Ассошиейтед Пресс агенттігі.
Өткен жылдың наурыз айында актердің емдеуші дәрігері, П.Суэйзидің ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауырып жатқанын хабарлаған болатын. 2008 жылдың маусым айында актердің өзі, ем-домның арқасында ісіктің өсуі тоқтатылғанын мәлім етіп еді. Өткен жылдың соңында актер зайыбымен тең авторлыққа мемуар жазу ниетін жария етіп, егер тағы 5 жыл өмір сүре алса, бақытты болатынын айтып еді.
Кеше, қыркүйектің 14-інде актер отбасы ортасында көз жұмды.
1980-90-шы жылдардағы ең танымал актерлардың бірі саналатын Патрик Суэйзи жұртшылыққа "Грязные танцы", "Призрак", "Письма убийцы", "Дом у дороги", "Привидение", "Миллион на рождество" фильмдерімен танылған болатын.