Бүгін "молледжато" бұл үнсіздікті бұзып, Веронадағы «Аренаның» сахнасында ән шырқайды.
Челентано бүгін және сейсенбі күні екі концерт береді. 74 жастағы Челентаноның қандай тосын сыйлар дайындағаны әзірге белгісіз.
«Арена» 12 мың орынға есептелген, барлық билеттер сатылып та кетті. Олардың кейбіреулерінің бастапқы бағасы небәрі бір еуроны құрады. Бірақ алыпсатарлар билет бағасын мың еуродан асырып жіберді.