Еуразиялық турнирге еліміздің әр облысынан және ТМД елдерінен келген жас балуандар қатысады.
Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, ҚР Ұлттық құрама командасына спортшыларды іріктеу, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Турнирді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы ұйымдастырады.
Естеріңізге сала кетейік, Шәміл Серіков (1956 ж., 5 наурыз - 1989 ж., 22 қараша), қазақстандық грек-рим күресінің шебері, 57 кг дейін салмақта күреспен 1970 жылдан бастап айналысқан, 1975 жылы КСРО спорт шеберінің нормативін орындаған, 1978 жылы халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, 1979 - КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1978 жылы - КСРО чемпионы, 1979 - Еуропа чемпионы, 1978-1979 жж - Әлем чемпионы, 1980 - Олимпиада чемпионы атанды.