Оқиға кезінде Сандерс отбасымен бірге мейрамханада болған, олар боксшының немере інісінің 21 жасын тойлап отырыпты. Сол кезде мейрамханаға қаруланған үш жігіт баса-көктеп кіріп келіп, бей-берекет оқ жаудырған. Боксшы қасында отырған қызын оқтан қорғамақ болып, оны денесімен жапқанда кеудесі мен қолынан жараланады.
Естеріңізге сала кетейік, Сандерс Владимир Кличконы жеңген аз ғана боксшылардың бірі.