деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансысы.
Ги Лалиберте қазір ғарыш турисі ретінде орбитада ұшып жүр. Бүгінгі думанға қатысушы өнер әлемінің жұлдыздары мен саясаткерлер ауыз судың жетіспеушілігі проблемасына арналған өз туындыларын немесе поэмалардан үзінділер оқиды.
Лалиберте өз кезегінде ғарыштан түсірілген бейне-үзінділер мен фотосуреттерді таныстырады және өзінің ойларымен бөліседі.
Жобаға қатысушылардың ішінде АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор, U2 тобы, әнші Шакира, және басқа да танымал адамдар бар.