Атақты есірткі бароны Гусман туралы телехикая 2017 жылы шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есірткі бароны Хоакин Гусман туралы телехикая 2017 жылы АҚШ телеэкранына шығады. Бұл туралы сейсенбі күні «The Hollywood Reporter» журналы хабарлады.

Көп сериялы фильмде аты шулы мексикалық қылмыскердің өмірі көрсетілмек. Телехикаяны екі америкалық компания - испан тілді телекоммуникациялық «Univision», сонымен қатар «Netflix» түсіріп жатыр.

«Синалоа» наркокартелінің басшысы Хоакин Гусман 2015 жылы 12 шілдеге қараған түні Мехико штатындағы қатаң режімдегі «Альтиплано» түрмесінен өз камерасынан қазылған 1,5-километрлік туннель арқылы қашып кеткен. Есірткі саудагерін ағымдағы жылы 8 қаңтарда мексикалық теңіз күштері (әскері) Синалоа штаты Лос-Мочис қаласында ұстады. Жазасын өтеу үшін Гусманды «Альтиплано» түрмесіне қайта жөнелтті. Оны ұстау тәртібі бұрынғыдан да қатайтылды. Қылмыскер АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін.