Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ермек Аманшааев хабарлады.
«Қазір фильм сценарийінің режиссерлік нұсқасы жазылуда. Жобаға Сергей Лукьяненко қосылды», - деп хабарлады Е.Аманшаев бейсенбі, наурыздың 18-і күні өткен «Ирония любви» қазақстан-ресейлік фильмінің премьерасында.
Е.Аманшаев мырза атап көрсеткендей, жаңа жобаның идеясын біздің кинематографистер ұсынып отыр. Ал фильмнің премьералық датасына тоқталған «Қазақфильм» президенті, Т.Бекмамбетовтың егжей-тегжейлі және ұзақ жұмыс істейтінін, себебі картина жасау үдерісі көп уақытта қажет ететінін айтып өтті.
«Сондықтан да, менің ойымша, шыдамдылық танытып, премьераны күтеміз», деді Е.Аманшаев өз сөзінде.
«Алтын жауынгер» фильмі шытырманды «фэнтези» жанрындағы алғашқы көлемді қазақстандық фильм болады. Т.Бекмамбетовтың өзі бұған дейін хабарлағандай, бұл фильм ұлттық жәдігер «Алтын жауынгер» туралы баяндайды.