Атақты футболшы Анри баскетбол сақинасына аяқпен доп кіргізді
13:28, 05 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын лондондық «Арсенал» мен каталондық «Барселонада» өнер көрсеткен аты аңызға айналған француздық шабуылшы Тьерри Анри алаң орталығынан баскетбол сақинасына аяқпен доп кіргізді.
Бұл туралы Ұлттық баскетбол қауымдастығының Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
Эпизод Йоханнесбургте (ОАР) ЮНИСЕФ-ті қолдауда қайырымдылық баскетбол матчы кезінде болды. Шабуылшы алаң орталығында тұрып, допты аяғына лақтырып, оны сақинаға кіргізді.
Еске сала кетсек, Анри Франция чемпионы, Испания мен Англияның екі дүркін чемпионы, 2008/09-маусымында француздық «Барселона» үшін өнер көрсетіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Франция құрамасында Анри әлем және Еуропа чемпионы болды.
Thierry Henry ⚽️ volleys it in 🏀 from half court after #NBAAfricaGame practice! pic.twitter.com/Tvj3W1fLwr
— NBA (@NBA) 4 августа 2017 г.