Абақтыда жатып, айналасындағылардың діни наным-сенімдерімен танысқан ол былтырғы жылы евангелист болудың сәл-ақ алдында қалады. Дегенмен, кейіннен Ислам дінін зерттеуге көшкен ол Ислам дінін қабылдайтынын мәлімдеді.
67 жасар футболшының мерзімінен ертерек босатуын сұраған өтінішін билік өкілдері қанағаттандырмаған болатын. Сол себепті Сипмсонның бостандыққа шығуы тек 2017 жылдан кейін мүмкін болмақ.
Қазіргі кезде футболшы атақты боксшы Мак Тайсонмен байланыс орнатып, Ислам діні жайында әңгімелесетін көрінеді. Сондай-ақ, Симпсон биыл ораза тұтуға да ниет еткен екен, алайда денсаулығына байланысты ұстай алмаған.