Көне мүліктің иесі өз есімін жария етуден бас тартыпты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол бұл аспапты 2012 жылы «Sotheby's» аукцион үйіндегі саудада 602,5 долларға сатып алған. БАҚ-та сол кезде пианиноны атақты актер Леонардо Ди Каприо сатып алғаны туралы жазылған болатын.
Еске сала кетейік, режиссер Майкл Кертистің "Касабланка" мелодрамасы - «Оскар» сыйлығына ие болған, Голливуд тарихындағы ең үздік фильмдердің бірі.