Мұражайға келген жұрттың көзінше фермерлер бірнеше ондаған қойды мұражайға кіргізіп жіберді. Жануарлар күзетшілер шебін бұзып, мәдени орынның вестибюліне жайылды.
Осы арқылы ферма иелері Еуроодақтың аграрлық саясатына наразылығын білдіргілері келген. Олар биліктің жоспарланған реформадан бас тартуын талап етуде. Фермерлердің пайымынша, реформа салдарынан мыңдаған адам жұмысынан айырылуы мүмкін.
Қойлардың қатысуымен болған бұл акция мұражай басшылығының ашуын келтіргенімен, жиналған жұртшылықтың қошеметіне ие болды. Абырой болғанда жануарлар бұл «экскурсия» барысында бағалы экспонаттарға зақым келтірмеді, сонымен қатар осы марш кезінде ешкім де тұтқындалған жоқ.