Атақты музыкант Дэвид Боуидің өсиеті жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты музыкант Дэвид Боуи қпайтфыс болғаннан кейін өзінің күлін «будда ғұрпы бойынша» индонезиялық Бали аралына шашуды өсиет етті. Бұл туралы жұма күні Нью-Йоркте өткен сот отырысында мәлім болды, деп хабарлады ТАСС.

Өсиетке сәйкес музыканттың барлық мүлкі оның отбасына - әйелі Иман мен екі баласы Данкан мен Александрияға көшеді. Зайыбы музыкант дәулетінің жартысын және Манхэттендегі пәтерін алады, онда ерлі-зайыптылар соңғы 20 жыл бойы тұрған болатын. Балалары мүліктің қалған бөлігіне ие болады, ал Боуидің қызы Александрияға Нью-Йорк штатындағы оның үйі тиеді. Әнші сондай-ақ 2 млн. долларды өзінің жақын досы және көмекшісі Коринн Швабқа, тағы 1 млн. долларды Данканның бұрынғы күтушісі Марион Скинге беруге өсиет етті. Музыканттың жылжымайтын мүлкі шамамен 100 млн. долларға бағаланды. Құжатта көрсетілгендей, Боуидың денесі 12 қаңтарда Нью-Джерсиде өртелген болатын.

Музыкант бауырдың қатерлі ісігі салдарынан 10 қаңтарда дүниеден өтті. Оның соңғы альбомы қайтыс боларынан екі күн бұрын шықты.

Әнші барлығы 136 млн.-нан астам пластинкаларын сатты және Ұлыбританияның танымал музыкасы тарихында ең табысты әртістердің ондығына кірді.